Қырғызстанның Ош қаласында ТҮРКСОЙ Бауырластар стелласы ашылды

17:05, 3 желтоқсан 2019   94

Қырғызстанның Ош қаласындағы "Ақниет" саябағында "Ош Түркі әлемінің мәдени астанасы — 2019" халықаралық бағдарламасының аяқталуына орай ТҮРКСОЙ Бауырластар стелласы ашылды.

Рәсімге Ош қаласының мэрі Таалайбек Сарыбашов, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының - ТҮРКСОЙдың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов, қалалық кеңес төрағасы Жапарбек Ормонов, сондай-ақ түркітілдес 12 мемлекеттің мәдениет министрлері қатысты, оның қатарында Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан бар.

Сондай-ақ, стелланы ашу рәсімінде қала мэрі Таалайбек Сарыбашов "Ош Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2019" шарасы барша түркітілдес елдері үшін маңызды шара екенін атап өтті.