«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Басқарушы директоры - Забира Оразалиева

Кеше «Құтты қонақ» бағдарламасы жарыққа шықты. Хабарда міндетті әлеуметтік сақтандыру тақырыбы көтерілді. Бағдарламаға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Басқарушы директоры - Забира Оразалиева қонақ болды.


10:58, 29 наурыз 2019   299

Сұқбат барысында қор директоры Забира Жандарқызы Оразалиева  2020 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетінін айтты.

Сондай-ақ, осы жүйеге байланысты қордан тапсырыс алып отырған медициналық мекемелердің 45%-ы – жеке меншік емханалар екенін атап өтті.

Қор директорының айтуынша, әр азамат жылына бір рет тіркелген мекемесін ауыстыруға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, «сақтандыру қорына төленетін төлемдердің 2 түрі бар, ол – жарна және аударым»,-деді.

 

Биылғы жылы аталмыш аударымдар  1,5%-ды құраса, ал 2020 жылдан бастап 2%  аударымды құрайтын болады.

Сөз соңында Забира Оразалиева жеңілдік берілген 13 санатты атады.

 

«Балалар, көпбалалы аналар, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, оралмандар, 3-ке толмаған баланы бағып отырған азаматтар, жұмыссыз жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек баланың күтім жасаушысы және т.б.». 

 

Забира Жандарқызы ешбір азамат жарнасыз немесе сақтандырусыз қалмайды деп сендірді.

 

Айта кетейік, «Құтты қонақ» бағдарламасы дүйсенбі-жұма күндері сағат 12:00-де тікелей эфирге шығады.