Қуаныш Жиенбай: «Әбіш әлеміне бойлағың келсе, Маңғыстауға табаның тисін»

17:13, 10 қазан 2019   86

«Шалқар шаңырағында» бағдарламасында - Халықаралық «Алаш» және Пен-Клуб сыйлықтарының лауреаты, жазушы Қуаныш Жиенбай қонақта болды.

Әбіш орталығы ашылды. Бүгін Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай Ақтауда облыстық тарихи-өлкетану орталығы, музейі және ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Осы мақсатта ақжолтай жаңалықты бөлісуге келген студия қонағы тұсауы кесіліп жатқан орталықтың басты мақсатына, ерекшелігіне тоқталды. Бағдарлама барысында адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы Әбіш әлемі туралы ой айтылды. Жазушының тұлғалық болмысына, әрбір шығармасына, тақырыбына тоқталып, тілдік ерекшелігін сипаттап берді. «Әбіш әлеміне бойлағыңыз келсе, туған топырағы Маңғыстауға табаның тисін» дейді Қуаныш Жиенбай.

Бағдарламаның жүргізуші – редакторы Гүлнұр Омарханқызы.

Толық аудионұсқа мұрағатта.