ҚР Ұлттық музейінде «Елбасы және мәдениет» көрмесінің тұсаукесері өтті

09:27, 28 қараша 2019   27

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған «Елбасы және мәдениет» көрмесінің тұсаукесері өтті.

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған көрмеге қазақстандық қоғам қайраткерлері, олардың ішінде Игорь Рогов, Қуаныш Сұлтанов, Дархан Мыңбай, Азат Перуашев және шетелдік елшілік өкілдері қатысты. Аталған көрме көпұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын жаһандық деңгейде ілгерілетуде, мәдениетті қайта жаңғыртуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін бейнелеуді көздейді.

Көрме алдағы жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.