ҚазҰУ-де журналист Жұмабек Кенжалин атындағы оқу-шығармашылық зертханасы ашылды


15:07, 11 қараша 2019   135

Алматыда танымал журналист, белгілі публицист Жұмабек Кенжалин атындағы «Баспасөз және жаңа медиа» оқу-шығармашылық зертханасы ашылды. Бұл іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Журналистика факультетінің 85 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға марқұмның ұстаздары, достары мен әріптестері жиналды. Еңбек жолын Социалистік Қазақстан газетінде бастаған Жұмабек Кенжалин «Ақиқат» журналының, «Халық кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бас редактор болып қызмет атқарды. Журналистика факультетінің мақтан тұтар түлектерінің бірі. Ол «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Елжандылық мұраты және баспасөз беделі» секілді көптеген кітаптардың авторы.

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаева айтып береді: