Елімізде жалпыхалықтық диктант өтеді


17:34, 13 қараша 2018   319

Қарашаның 14 күні сағат күндізгі 11:00-де елімізде Латын графикасына негізделген жаңа әліпбимен жалпыхалықтық диктант өтеді. Шараны Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырады.
Жалпыхалықтық диктант жазудың мақсаты - жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында «Shalqar» және «Qazaq radio»-ларында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.