Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне 75 жыл

10:40, 27 қараша 2019   58

Биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 75 жыл толып отыр. Осыған орай 27 қараша күні мегаполисте дара оқу орнының мерейтойы кеңінен аталып өтпек. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

«75 жыл: даралық пен даналық жолы» атты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, университеттің танымал түлектері мен эстрада жұлдыздары қатыспақ.

Қыздар университеті осы жылдары іргетасын нықтаған, өзінің дара дәстүрін қалыптастырған еліміздің ұстаздар даярлайтын бірден-бір орталығына айналды. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде – 1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясының елімізде педагог кадрлар дайындаудағы алатын орны үлкен.