«Қазақ радиолары» ЖШС-ның Бас директоры тағайындалды

10:47, 16 қазан 2018   346

Құрманбек Жұмағалиұлы Жұмағали «Қазақ радиолары» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды. Ол 1985 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 2008 жылы журналист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» Ұлттық телерадиокомпаниясы редакторлық бөлімінің штаттан тыс редакторы болып бастаған. Кейін 2007-2013 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі болды. Ал, 2013-2014 жылдары Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, 2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі, 2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық дамыту Дирекциясының директоры, 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры ҚҚ директоры, 2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал, 2017 жылдың мамыр айынан бастап Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

1966 жылы 1 қаңтарда «Шалқар» ұлттық арнасы ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті.

1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласында ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.

2011 жылы 18 шілдеден бастап «Шалқар» радиосының shalqar.fm ресми сайты ақпарат таратады.

2012 жылы радио Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Заман талабына сай сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.

2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды. Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі ретінде редакция болып келген.

Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 64%-на тарайды.

«Шалқар» ұлттық радиосы – республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна.

«Шалқар» ұлттық радиосының басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан радио «Ән домбыра», «Қазақтың 1000 күйі», «Дәуір сазы», «Құтты қонақ», «Бозжусан», «Айтыс ақтаңгері», «Қазақы әңгіме», «Отанды сүю», «Дәстүр», «Бесігіңді түзе», «Құс жолы», «Қауырсын ғалам», «Күй шашу» «Жақсының жары» сынды хабарларын ұсынып келеді.

Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.

Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, Д. Қанатбаев, талантты дикторлар С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы жұмыс істеді.