Қазақ емшілігі дәстүрлі медицинамен иық тіресетін жағдайға жетті

18:04, 26 қараша 2019   41

"Шалқар" радиосының "Алтын сандық" хабарында ҚР Қоғамдық ғылымдары академигі, ғалым, «Шипагерлік» емдеу орталығын құрушы әрі бас дәрігері Қайрат Айдарханұлы қонақ болды. Медицина мен қазақ халқының емшілігі туралы келелі әңгіме өрбітті. 

«Ұлттың денсаулығы – мемлекеттің болашағы. Қазақ ұлттық медицинасының болашағы – Қазақтың болашағы. 40 жылға жуық осы салада қызмет атқарып келемін. 17 мыңнан астам ота жасаппын. Ғасырлар бойы табиғатпен ете-ене араласқан біздің бабаларымыз төрт түлік, аң-құс, өсімдік атаулының барлығын өз орнымен пайдалана білген. Енді қазақ емшілігі ғылми түрде қолданыла бастады» дейді Қайрат Айдарханұлы.

Сұхбатты толығырақ мұрағаттағы аудионұсқадан тыңдай аласыз.

Жүргізуші - Нәзір Сүлеймен.