Қарағандыда М.Бапиұлы атындағы IV республикалық байқау өтті

17:57, 8 қараша 2019   60

Қарағандыда Мәди Бапиұлы атындағы IV республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауы өтті. «Біз Мәди Бапиұлының шығармашылығын насихаттауымыз керек. Бұл ретте сіздер, жас орындаушылар бізге көмектесесіздер. Сіздер оның әндерін келесі ұрпаққа үйретіп, оның орындалу дәстүрін жалғастырасыздар», - деді қазылар алқасының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов. Биылғы жылы байқауға 40 өтінім келіп түсті. 34 қатысушы іріктеу кезеңінен өтті. Олар екі күн бойы дәстүрлі әндердің үздік орындаушысы атағы үшін сайысқа түсті.

Байқау «Шалқыма» концерт залының сахнасында өтті. Бүгін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды және байқау гала-концертпен аяқталды.

Фото: inform.kz