Хадиша Ағымбаева: «Наз» би театры – біздің өміріміз

Кеше «Құтты қонақ» бағдарламасы тікелей эфирге шықты.


11:42, 19 наурыз 2019   292

Кеше «Құтты қонақ» бағдарламасы тікелей эфирге шықты.

Хабарға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Наз" би театрының көркемдік жетекшісі, қоюшы режиссеры, бас балетмейстері Қадиша Ермекбайқызы қатысты.

 «Биыл біздің «Наз» би театрына 20 жыл толды. Осы мерекеге орай, түрлі іс-шараларды жүзеге асырмақпыз. «Шыңғыс хан» атты тарихи тұлғамыз туралы би қоюды деп мақсат етіп отырмыз.

Шынын айтқанда, «Наз» би театры – біздің баламыз. Сондықтан, театрымызға келген әрбір әртіске жауапкершілікпен қараймыз. «Наз» деген кей кезде өзіміздің туған балаларымыздан да артық болып жатады.

Сондай-ақ, жолдасым Еркебұлан екеуміз әрбір әртістің репертуарын тексеріп, аппақ қағаздай басынан бастадық. Еркебұлан-Хадиша Ағымбаевтар үшін «Наз» – өмір»,- деді «Наз» би театрының бас баллетмейстері.

Театрға ең алғаш аяқ басқан сәтін еске алған ол: «Біздің буын енді ғана ЖОО қабырғасынан түлеп ұшқан кезде, Өзбекәлі Жәнібеков республиканың түкпір-түкпірін аралатып, киізді қалай басатынын көрсетіп, хореография тіліне аударуға ат салысты. Тіпті, әрбір қыздың шаш өріміне, бет бояуына да қатты мән беретін. Сонымен бірге, Өзбекәлі аға «Қатты боянбаңыздар! Сіздер жассыздар» дейтін.

 Қадиша Ермекбайқызы: «Біз жаңашыл форматтағы дүниелерді елімізге алып келгіміз келеді. Қытайдан Есбол деген қазақ жігітін қызметке  шақырдық. Ол бізге келді. Бірақ, шынын айту керек, қаражат жағынан Есболдың көңілінен шығатын қаржыны ұсына алмадық. Осыдан кейін ол бізге бірнеше би қойылымдарын қойып берейін деп, «Назбике», «Таулы» қойылымдарын қойды. Қазір осы билеріміз біздің бренд-биімізге айналды.

Сонымен қатар, қыздар, жігіттер билеп қана қоймай, ән айтса екен деп армандадым. Осы арманымды Қытайда жүрген Есбол сезгендей, әні бар би қойып берді.

Еркебұлан «Нұрғиса» атты Нұрғиса Тілендиев ағамыздың күйлеріне балет қойды. Сол кезде Нұрғиса ағамыздың шаңырағын сақтап отырған Дариға апамыз  «Нұрғиса өз өмір иірімдерін күймен әрлеп кеткен екен ғой»,- деді»,- деп биші сөзін аяқтады.