Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
Мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылды.
«Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі» көрмелік жобасы әлемді аралап келеді. Грекия - Қазақстанның тарихи – танымдық көрмесін тамашалап отырған он екінші мемлекет. Бүгінге дейін Қазақстанның өңірінен табылған алтын адамдар біздің еліміздің ерте дәуірдегі мәдениетін, тарихын айқындайтын ұлттық құндылықтар болып табылады», - деді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Алмаз Нұразхан.
Фото: strategy2050.kz