"Әзірет Сұлтан" мешітінде татуласу орталығының тұсауы кесілді

11:25, 5 қараша 2019   91

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде Нұр-Сұлтан қалалық соты мен бас мешіт арасында өзара меморандум жасалып, тараптар азаматтық дау-жанжалдарды шешу жолында біріге жұмыс атқаратын болды, деп жазады muslim.kz.

Ынтымақтастық меморандумы аясында республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің қызметкерлері сотқа дейінгі татуластыру әрекеттеріне қолдау көрсетіп, шаңырақ бірлігін сақтауға үлес қосатын болады.

Айта кетейік, бас мешіттегі татуласу орталығы ашыла салысымен-ақ, шариғи кеңес сұраған жандардың кезегі басталып та кетті. Отбасылық жағдайды жөндеуге тырысқан жұбайлар үшін имам насихатының орны бөлек екені сөзсіз.