Елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Әбіш әлемі» оқу конгресі өтті

15:50, 29 қараша 2019   58

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Әбіш әлемі» оқу конгресі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқу конгресін Ұлттық академиялық кітапханасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдың мерейтойына орай өткізіп отыр. Шараның мақсаты – Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын насихаттап, қазақ әдебиетінің құндылықтарын халықаралық ғылыми жүйеге сіңіру.

Жазушының 80 жылдығына орай Тәуелсіздік сарайында «Әбіш әлемі» фотогалереясы қойылған. Галереядағы фотосуреттерден жазушының өмірі жайлы суреттерді тамашалауға болады. Абыздың ең жарқын сәттері бейнеленген 50-ден астам суреті тұр. Сондай-ақ, мемлекет қайраткерінің толағай тұлғасын айқындайтын әдебиеттері мен шығармашылықтың шыңына жеткен рухани мол қазынасы оқырмандардың назарына ұсынылып отыр. Көрмеде жазушы кітаптарының цифрлық көшірмелерінің QR кодтары мен жеке мұрағаттағы фотосуреттері ұсынылған.