Елорда көшелерінің біріне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

11:35, 15 қараша 2019   166

Бүгін елордадағы көшелердің біріне  ҚР Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың есімі берілді. 
Ақынның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар легі бұдан әрі жалғасын таппақ. Тұлғаға арналған кешен ашылады. Сондай-ақ, бейітіне гүл шоқтарын қойып, құран оқылмақ. 
Дәл осы күні Фариза Оңғарсынованың «Шілде», «Полдневный жар» кітаптарының тұсаукесері өтеді.
Осыған орай бүгін ұлттық арна – «Шалқар» радиосынан 15:25-те қоғам қайраткері туралы «Арнайы хабарды» тыңдай аласыздар.