Экскурсиялық автобустар тегін экскурсия ұйымдастырады

10:35, 27 қараша 2019   36

30 қараша мен 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орай қала тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустарымен елорданың көрікті орындарын тамашалауға мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады.

Автобустар «AiLand» аялдамасынан ары қарай «Хан Шатыр», «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументіне аялдайтын болады.