Димаш Құдайбергеннің Германия мен Чехияда концерті өтеді

17:07, 3 желтоқсан 2019   748

Димаш Құдайбергеннің Германия мен Чехияда өтетін концертіне билеттер сатыла бастады, деп жазды әншінің өзі Instagram парақшасында. Димаш Arnau турының концерттік бағдарламасының видеосын жариялады.

Әнші 19 наурызда Гамбургте, 21 наурызда Дюссельдорфта, 25 наурызда Прагада және 28 наурызда Штутгартта өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ол тыңдармандарын Чехия астанасында өтетін жеке концертіне шақырды.

Айта кетсек, 10 желтоқсанда Нью-Йоркте қазақстандық әнші Arnau tour Envoy атты жеке концертін беретін болады. Еске сала кетсек, 29 қарашада Санкт-Петербургте Димаштың концерті өткен болатын. Жас әншінің өнерін тамашалауға 12 мыңнан аса адам жиналды.