Димаш "Бетперде киген әнші" (Mask Singer) шоуына қатысты

17:16, 5 қараша 2019   68

Қазақтың танымал әншісі Димаш Құдайберген Қытайда өткен "Бетперде киген әнші" (Mask Singer) шоуына қатысты.

Шоу бірнеше сағат бұрын Қытай телевидениесінің эфирінен көрсетілді. Жоба эфирге шыққанға дейін әнші әлеуметтік желіге ондағы суреттерін жариялады, ал эфир күні өзі айтқан әннің үзіндісін бөлісті. Димаш Құдайберген шоуда Қыран бейнесінде бірнеше ән айтты.

Mask Singer – қытайдың вокалдық реалити шоуы. Оған қатысқан танымал тұлғалар өзін танытпас үшін бетперде киіп алады. Шоуды Ли Хао жүргізеді. Әншілердің өнерін қазылар алқасы бағалап отырады.

Шоудың тұсаукесері 2016 жылғы 18 қыркүйекте Jiangsu Television-да болған. Димаштың бейнежазбасын сегіз сағатта 114 мың адам көрген. Алда Димаш Құдайберген Жапониядағы ABU TV Song Festival 2019 жобасына арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысады. Концерт Токиода 19 қарашада болады. Ал 10 желтоқсанда әнші Нью-Йорктегі Barclays Center-де "Arnau tour ENVOY" концертін өткізеді.