Бүгін Экспо-2017 көрмесінде Испан тілінің күні өтті

14:32, 29 тамыз 2017   168

Бүгін «Экспо-2017» аумағындағы Испания Корольдігінің павильонында Испан тілінің күні өтті. Іс-шара кезінде қалаған адам испан тілінің сабағына қатысып, испан әдебиеті туралы дәрісті тыңдап, сондай-ақ, испандық музыкалық дуэттың өнерін тамашалай алды. Іс-шара Сервантес институтының (ары қарай – Институт) қолдауымен ұйымдастырылды. Бүкіл әлемде кең таралған үшінші тіл (қытай және хиндиден кейінгі) саналатын және де роман тілдері ішінде ең танымал тіл болып табылады..

 «Испан тілінде ғаламшарымыздағы 500 млн. аса адам тілдеседі. Осы тілді білу кез келген салада қажетке жарайды. Испан тілін білетін адам  Ривьера Майя немесе Галапагосс аралдары сынды испан тілінде сөйлейтін көрікті елдерге еркін саяхат жасап, тілдесу жағынан еш қиындық сезінбейтін болады», - дейді Мәскеудегі Сервантес институтының директоры Абель Мурсия.

Мурсия мырза атап өткендей, Институт қызметі бүкіл әлем бойынша испан тілі мен мәдениетін таратуға бағытталған.

«Сервантес институты испан тілін үйрететін бетке ұстар мекеме болып табылады. Біздің қызметкерлеріміз испан тілін кеңінен насихаттау үшін бүкіл жанын салып еңбек етуде», - деп қосты ол.

Институт өкілдері испан тілі білімін растайтын ресми құжатты қалай алуға болатындығы жайлы арнайы сессия өткізді. Қалаған адам өзінің тіл деңгейін тексеріп, DELE испан тілінің дипломы және Испан тілін меңгеру деңгейін бағалайтын SIELE халықаралық сервисінің электрондық сертификаты сынды бүкіл әлем бойынша мойындалған дипломдарды алу үшін емтихандарды қалай тапсыру қажет екендігі жөнінде ақпарат алды.

Сондай-ақ, Испан тілінің күнінде әдебиет те әңгімеге арқау болды. Институттың мәдениет бөлімінің жетекшісі Татьяна Пигарёва Мигель Сервантестің «Ламанчтық айлакер идальго Дон Кихот» романының бас кейіпкерінің қазіргі замандағы интерпретациясы жайлы дәріс оқыды.

«20 ғасырда Дон Кихоттың бейнесі өз ісіңе нық сеніммен қарау идеясымен тығыз ұштасты. Біздің қазіргі заманымызда Дон Кихот бүгінгі өркениеттің бас бейнесіне айналып отыр. Егер адам өз ісіне сенсе, ол біздің өмірдегі қандай қиыншылық болмасын, әлбетте, жеңе алады деген ой жатыр. Испания павильонының тақырыбы климатты жандандыруға, экологиялық көзқарастың жеңісіне арналған. Ал бұл нағыз «дон кихоттық» мақсат деуге болады! Әлемді жұтатқан техногендік өркениетте қалай жеңіске жетуге болады? Адамзат тірі ғаламшарда өмір сүруі қажет деген «дон кихоттық» сенім ғана адамдардың экология мен энергияға қатысты көзқарасын өзгерте алады», - деп атап өтті өз сөзінде  Пигарёва ханым.

Сондай-ақ, іс-шара кезінде Испанияның мәдени және туристік мұрасы бейнеленген интерактивтік карта (90 шаршы метрлік) таныстырылды. Картаны 29-31 тамыз күндері сағат 10:00-ден бастап 19:00-ге дейінгі аралықта Испания Корольдігінің павильонында көруге болады.

Күннің соңында испандық музыканттар - сазгер әрі әнші Мария Арналь (Барселона) және гитарашы Марсель Бажес (Таррагона) өнер көрсетті. Концерт кезінде дуэттың «Қырық бес бас және бір жүрек» атты альбомына (2017 ж.) енген жаңа әндері орындалды. Испандық баспасөз беттерінде «2016 жылдың басты музыкалық жаңалығы» деп аталған бұл дуэт музыка саласындағы Барселона жүлдесімен марапатталған, «Verbena» атты альбомы жылдың ең үздік әні деп танылған.

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

«Шалқар» радиосының 50 жылдығы қайырымдылық шараларымен өтуде

Қазақ халқының мәдени, рухани құндылықтарын насихаттау арқылы ұлттың үнжариясына айналған «Шалқар» радиосы биыл өзінің 50 жылдығын атап өтуде. Осыған орай жыл басынан бері радио басшылығының бастамасымен бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілді.

«Шалқар» ұжымы наурыз айында «Тұран-Астана» университетінде Астана қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концертін өткізді.

Сондай-ақ, 27 наурыз – Театр күніне орай Қазақ драма театрлары арасында  «Шалқар шабыт» атты байқау ұйымдастырды. Онда республикалық театр репертуарларынан үздік 12 қойылым таңдап алынып, радионың ресми shalkarfm.kz сайты арқылы  дауыс беру жүргізілді.

Ал, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауы жарияланды. Ән додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерлі өрендер бас қосып, үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұдан бөлек, 50 жылдыққа орай үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» бағдарламасы эфирге шықты. Ерекшелігі –жобаға кәсіби және әуесқой әншілер ең соңғы шыққан әндерін ұсынады. Жолданған әуен радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеледі. Ай қорытындысы бойынша shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады және жылдық байқауға жолдама алады.

«Қолға алынған жобалар мен атқарылған игі істердің барлығы - «Шалқар» радиосының қазақ руханиятына деген қамқорлығы», дейді радионың Бас редакторы Серік Сейітман.

Радио өнімдері қазіргі кезде ел аумағының 62,04 пайызына тарайды. Апта сайын әуе толқынына 75 радиохабар шығады. 

Олардың ішінде музыка - 54%, танымдық хабарлар -10 %-ды, әдеби-музыкалық хабарлар - 20 %-ды, мәдени-сауықтық бағдарламалар – 10 %-ды, «Алтын қор» хабарлары -  3 және жарнама 3 %-ды құрайды.

Тыңдармандар әр аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында тікелей толқында өтетін «Таңжарық», «Елім менің», «Ұшқын» бағдарламалары арқылы ой-пікірлерімен бөлісіп келеді.

Радио эфирінен аптасына бір рет берілетін мәдени-танымдық «Әлқисса», «Біздің елдің жігіттері», «Дәстүр», «Жақсының жары», «Зиялы қауым», «Парыз», сондай-ақ, әдеби-музыкалық  «Түркі сазы», «Наридірген», «Күй-шежіре», «Шабыт», «Аққулы айдын» сынды хабарлар бүгінде көпшілік сұранысына ие.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна әлі де сол қалпынан жаңылған жоқ.

Радио 2012 жылдан бастап Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығынан» хабар таратып келеді.