Бішкекте Қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумы өтті

10:42, 27 қараша 2019   37

Қазақстан мен Қырғызстан зиялылары мен ғалымдарының басқосуы қазіргі кезеңде аса қажет. Бұл туралы Бішкекте Қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумында Қазақстан Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ пен қырғыз – бір-біріне бауырлас халықтар. Алатаудың қос бөктерін жайлаған екі елдің ділі мен діні ортақ, тілі де өте ұқсас. Қырғызстан – біз үшін тек көрші ғана емес, сонымен бірге бауырлас, тарихы тамырлас мемлекет. Ұлы Абай: «Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды», – деген. Қырғыздың атақты ақыны Молда Қылыш та «Қырғыз-қазақ – алаштан» деп, егіз елдің бірлігін жырлаған. Сондықтан тағдыры үндес елдеріміз әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Осы ынтымақтастықты сақтап, нығайтуымыз керек. Бұл – өскелең ұрпақ алдындағы парызымыз деп қабылдаймыз», - деді Мәулен Әшімбаев.