Бибігүл Нүсіпжанова: «Бишілердің зейнет жасын қарастыру керек!»

15:36, 16 қыркүйек 2019   63

ҚР халық әртісі, Нұрғали Нүсіпжановтың тұңғышы - Бибігүл Нұрғалиқызы тікелей әуе толқында өтетін «Шалқар шаңырағында» бағдарламасына сұхбат берді. Әңгімеге арқау болған тақырып - ұлттық хореографияның дамуы.

Бұдан бөлек Бибігүл Нұрғалиқызы Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры ретінде осы саланың біраз мәселесін ашып айтты. Балет әртістерінің зейнетке тым кеш, әйелдер 58, ал ерлер 63 жаста шығуы толғандырарлық мәселе екендігін дәлелдермен жеткізді. Қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген «топ менеджерлер» қатарынан көрінетін ол «елім маған не береді емес, мен халқыма қандай пайдамды тигізсем» деген қағидамен өмір сүретіндігін тілге тиек етті. Әкем Нұрғали Нүсіпжановтың бала кезден құлағыма құйған сөздері: «Еңбегіңе, халқыңа адал бол!» - дегені арқау болып, өмірлік ұстанымыма айналды! – дейді ол өз сөзінде.

Бағдарламаның жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.