«Баланы күзетші болу үшін оқыту керек»

16:04, 16 қыркүйек 2019   49

«Шалқар» радиосының «Алтын сандық» бағдарламасында Абайтанушы ғалым Омар Жәлел қонақта болды."Ең алдымен адам қандай қызмет атқарса да, қайда болса да ер болуы керек. Елдің қамын ойлауы керек. Сонда ел қорғансыз қалмайды. Қазір біз баланы бір өзінің тамағы үшін оқытып жатырмыз. Абай атамыз баланы қазаққа «күзетші болу үшін оқыту керек» деді. Осы дүниені ұмытпағанымыз жөн. Сонда ғана елдің ертеңін ойлайтын нағыз ерлер өседі», - деді бағдарлама қонағы өз сөзінде.

Толық аудионұсқаны мұрағаттан тыңдаңыз.

Жүргізуші: Нәзір Сүлеймен