"Балаларды терме-толғаулармен сусындатып өсіру керек"

15:24, 10 қазан 2019   1244

ӨНЕГЕ» хабарының бүгінгі санына «Наз» би театрының әншісі, термеші Зағипа Иманғазы қатысты. Сұхбат барысында студия қонағы терме-толғаулар мен қисса-дастанның бала тәрбиесінде алатын орны туралы айтты.

"Бауыржын Момышұлының: «Бесік жырын айтпаған анадан қорқамын, бесік жырын тыңдамай өскен ұрпақтан қорқамын!» - деген сөзі қашан да жадымда. Ата-анам бізді тәрбиелегенде жырлар мен қисса-дастандарды тыңдадып, сусындатып өсірді. Мүмкін сондықтан болар, өз қызымды арнайы үйірмелерге жетелеп өнерге баулымасам да, ол да анасынан көргенін бойына сіңіріп,термелермен халық әндерін білетіндігін көрсетіп жүр. Тіпті мен үшін ол жаңалық та болды. Жалпы өскелең ұрпақ саналы, ұлтжанды, рухты болып өсуі үшін тамырынан ажырамау керек, ол үшін салт-дәстүріміз бен жыр – термелерімізді, дастандарымызды бала кезден оқыту біздің парызымыз деп білемін", - дейді З.Иманғазы.

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.

Толық аудионұсқа мұрағатта.