Аян Ерментаев: Ақмола облысында қолдау іздеген жастар үшін «2019» сенім нөмірі іске қосылды


10:18, 29 қаңтар 2019   395


«Құтты қонақ» бағдарламасында «2019 - жастар жылы, бағыты мен бағдары, жоспарлары» тақырыбы қозғалды. 
 Бағдарламаға Астана қаласы әкімдігі «Астана жастары» мемлекеттік  коммуналдық мекемесі ұйымдастыру бөлімінің бөлім бастығы Аян Ерментаев қонақ болды. 
Мекеме өкілі Жастар жылының ресми ашылуына қатысқанын, осы іс-шарадан Елбасы мен жастар арасында ұрпақтар үндестігін, қазақ руханиятын, ұлттық ұстаным мен мемлекеттік  мәртебені, қазақстандық толеранттық пен құндылықтарды   ұлықтаған жарасымды, салиқалы  сыр-сұхбатты көргенін айтты. 
Сондай-ақ, «Астана жастары» мекемесінің жоспары жөнінде тоқталып кетті. Ол Ақмола облысында жастар арасындағы жұмыссыздық пен тұрғын үй мәселесін шешу жолында бұқараны әр саланың беткеұстар мамандарынан тегін  семинар-тренингтер форматындағы кеңес алуға жағдай жасалып жатқанын айтты. Аула клубтары мен көмекке душар болған немесе идеясы бар, қолдау іздеген жастар үшін «2019» сенім нөмірі іске қосылғанын атап өтті. 


Бағдарлама жүргізушісі – Ләззат Тиышбекқызы. 
Бағдарламаның толық нұсқасын әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан, ресми сайттағы мұрағаттан және youtube-тағы каналымыздан көре аласыздар