«Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі «Құтты қонақта» болды

Қазақтың бай мәдени мұрасын сақтап, ата-бабамыздың төл дәстүрін насихаттап жүрген – «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі «Құтты қонақта» болды.


11:05, 4 мамыр 2019   371

Ансамблдің көркемдік жетекшісі, Тұңғыш Президент Елбасы қорының лауреаты, «Алаш Ұстазы» медалінің иегері, композитор Бауыржан Жаңбырбайұлы Ақтаев.

Музыканттар домбыра, қылқобыз, нарқобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, шертер, даңғыра, дабыл, мүйіз сырнай аспаптарын меңгерген. Құрылғанына аз уақыт болса да, ансамбль еліміздің үздік сахналарында өнер көрсетіп, өнер сүйер қауымның құрметіне бөленген.

Ансамбль мүшелері Еуропа халқына Ұлы дала әуендерін таныстырып жүргендерін айтып, талғамы биік тыңдармандарды орындау шеберліктерімен тамсандыра алды. Сонымен қатар, ұлы Жеңіс күніне арналған дәстүрлі мерекелік кештеріне шақырды.