Амангүл Ермекқызы: Радиомарафон аясында жиналған қаржыны «Уақыб» қорына тапсырдық


17:02, 22 ақпан 2019   396

 

Кеше «Құтты қонақ» бағдарламасына «Қазақ радиосының» жүргізушісі, «Мың алғыс» бағдарламасының тізгіншісі Амангүл Ермекқызы келді. 
Бағдарламада «Мың алғыс» қайырымдылық жобасы туралы сөз болды. 
Амангүл: Бүгінге дейін бізге жылап хабарласқан көрермендеріміздің сүйінші хабар айтқанда, қайырымды жандардың көп екеніне куә болдым. Мейірімді жандардың көп екендігіне күн сайын, сағат сайын, сәт сайын көзім жетіп келеді.


Хабарды журналист-редактор Гүлнұр Омарханқызы тізгіндеді.