Алматыда театр өнерін дамыту үшін арнайы стратегия жасалады

09:29, 28 қараша 2019   33

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев театрды туристер үшін қалай тартымды ету керектігін айтты.

Қала басшысы Алматыда театр өнерін дамыту үшін арнайы стратегия жасалатынын айтты. «Классикалық өнерді дамыту мен оларды дотациялау деңгейін төмендету үшін Алматыда арнайы қаланың театр өнерін дамыту стратегиясы жасалады.

Басты мақсат – театрды тек қала тұрғындары үшін ғана емес, жақын қалалар мен елдер үшін де тартымды ету. Біз театрға бару мәдениетін қайта жаңғыртуымыз қажет.

Бұған біз ауқымды әлемдік деңгейдегі сахна, опера және балет жұлдыздарын тартып, театр фестивальдарын өткізу арқылы қол жеткіземіз. Алматының мәдени мұрасы мен білім базасын ескерсек, қаланың Орталық Азиядағы сахна өнерінің орталығы болуға толық мүмкіндігі бар,-деді Бақытжан Сағынтаев.