Алматыда алып экраны бар кинотеатр ашылды

15:43, 29 қараша 2019   29

Алматыда Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің ең үлкен залы ашылды. Бір уақытта 350-ге жуық көрерменді қабылдай алатын киноконцерт залы Chaplin Mega Alma-Ata аумағында орналасқан. Биіктігі 13 жарым, ені 25 метр алып экраннан кино көру мүмкіндігіне Орталық Азия бойынша бірінші болып алматылық көрермендер ие болды. Заманауи экран табанды еңбектің арқасында орнатылды, дейді компания қызметкерлері. Сондықтан бірегей экранмен жабдықталған залдың ашылуы да есте қаларлықтай болды.

Киноконцерт залының ашылуы салтанатты мерекелік шоумен басталды. Көрермендер үздік би ұжымдарының, театр әртістерінің өнерін тамашалады. Одан кейін қонақтар үлкен экраннан Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» фильмін көрді.