6 мамыр - Рамазан айының бірінші күні

Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады.

14:52, 26 сәуір 2019   299

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінен жаңа Айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты.

ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр – Рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарды.

Биыл мұсылман халқы 30 күн ауыз бекітеді. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - Ораза айттың бірінші күні.

Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден артық беруге де болады.