27 ақпанда Қазақ радиосының «Мың алғыс» қайырымдылық концерті өтеді

15:57, 26 ақпан 2018   2210

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. 


Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.


Осы мерекеге орай Қазақ радиосының халыққа тартуы бар. Тележүргізуші Қымбат Досжан, әнші Роза Әлқожа, Қазақ радиосының жүргізушісі Ақбаян Сапарбай «Таңшолпан» студиясында қонақ болып, өз жаңалықтарымен бөлісті.


«Алғыс айту күні елімізде осымен үшінші жыл аталып өтеді. Қазақ радиосы биыл үлкен бастаманы қолға алып, қайырымдылық концертін өткізбек. Оның ішінде үш әлеуметтік жоба бар. Олар «Бармысың, бауырым?!», «Ақ отау», «Жан жылуы» радиобағдарламалары. Ойластыра келе, Корпорация басшылығының қолдауымен «Алғыс айту» күнінің қарсаңында игі іс жасаушыларға, мұқтаж жандарға көмек беріп жүрген азаматтарға алғыс айту үшін осы шараны өткізуді ұйғардық. 
Концертке түрлі тағдыр иелері келеді. Оның ішінде бір-бірін жоғалтқан бауырлар, ауыр дерттен құтылған жандар, әлемнің екі жағында жүріп, бір-бірін 27 жылдан бері таппай жүрген ана мен бала бар», - дейді қонақтар.

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

1966 жылы 1 қаңтарда «Шалқар» ұлттық арнасы ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті.

1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласында ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.

2011 жылы 18 шілдеден бастап «Шалқар» радиосының shalqar.fm ресми сайты ақпарат таратады.

2012 жылы радио Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Заман талабына сай сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.

2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды. Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі ретінде редакция болып келген.

Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 64%-на тарайды.

«Шалқар» ұлттық радиосы – республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна.

«Шалқар» ұлттық радиосының басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан радио «Ән домбыра», «Қазақтың 1000 күйі», «Дәуір сазы», «Құтты қонақ», «Бозжусан», «Айтыс ақтаңгері», «Қазақы әңгіме», «Отанды сүю», «Дәстүр», «Бесігіңді түзе», «Құс жолы», «Қауырсын ғалам», «Күй шашу» «Жақсының жары» сынды хабарларын ұсынып келеді.

Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.

Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, Д. Қанатбаев, талантты дикторлар С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы жұмыс істеді.