«Заман» тобының орындауындағы «Қарттар мұңы» әні «Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасында үздік деп танылды


14:53, 6 мамыр 2016   1502

«Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы алтыншы айналымын қорытындылады.

Бір ай бойы радио эфирі арқылы 12 жаңа ән сарапқа салынған болатын.

Данияр Мүптекенің орындауындағы Қуат Ежембектің сөзіне жазылған Нұрғылан Оспановтың «Шаттығым» әні, Мейірбек Тәңірбергеновтің орындауындағы Асхат Сүйіндіковтің сөзіне жазылған Ермек Жаманиевтің «Ұлттық ұлан» әні және «Заман» тобының орындауындағы «Қарттар мұңы» әні  shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалымға ие болды.

Көркемдік кеңестің шешімімен ақын Рахат Әбдірахмановтың сөзіне жазылған Асқар Жайлаубаевтың «Қарттар мұңы» әні жылдық байқауға жолдама алды. Сондай-ақ, бұл ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Айта кетейік, «Саз керуен» - «Шалқар» радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.

Байқауда әуесқой әншілердің де бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Жоба жыл соңына дейін жалғасады.