Үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жетінші айналымын бастады (АУДИО)

11:18, 17 мамыр 2016   1494

«Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жетінші айналымын бастады. Онда бір ай бойы 12 жаңа ән сарапқа салынбақ.

Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған ән жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ, «Алтын қорға» тапсырылып, «Шалқар» радиосы  мен Қазақ радиосының әуе толқынынан жиі әуелейтін болады.

Жетінші айналымда сарапқа салынатын әндер:

«Түсімдегі періште» - Асылхан Шалқаров

«Өтініш» - Төреғали Төреәлі

«Достарым» - Мұратбек Сарбасов

«Қыздар» - Тимур Жүнісхан

«Ақ көйлекті қыз» - Әбдіжаппар Әлқожа

«Бір болайық» - Әйгерім Қалаубаева

«Мені ғана» - «Бауырлар» тобы

«Бүлдірген сай» - Мәншүк Тұрсынғазина

«Жеңешем» - Асылбек Тойлыбаев

«Жұмбақ сезім» - «7» дуэті

«Арман жыр» - Манарбек Байтасов

«Отаным – қазақ елі» - Нұрсұлтан Болатұлы

Естеріңізге сала кетейік, өткен алтыншы айналымда «Заман» тобының орындауындағы Рахат Әбдірахмановтың сөзіне жазылған Асқар Жайлаубаевтың «Қарттар мұңы» әні жеңімпаз деп танылған болатын.

 «Саз керуен» жобасының ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.

Сондай-ақ, байқауда әуесқой әншілердің де бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.

Үміткерлерге сәттілік тілейміз!