«Шалқар шабыт» байқауының жеңімпаздарын марапаттау ертең Астана Жастар театрында өтеді

Дауыс беру нәтижесі бойынша «Майдан әндері», «Ана-Жер ана», «Әншінің пірі - Әміре» моноспектакльдері үздік шықты.

18:18, 25 наурыз 2016   1748

«Шалқар» ұлттық радиосының 27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай жариялаған «Шалқар шабыт» байқауы қорытындыланды. 

Байқауға республикалық театр репертуарларынан алынған үздік 12 қойылым қатыстырылды.

Радиоспектакльдерге shabyt.kaztrk.kz сайты арқылы екі апта бойы дауыс беру жүргізілген болатын.

Дауыс беру нәтижесі бойынша:

І орында -  «Майдан әндері» моноспектаклі (525)

ІІ орын - «Ана-Жер ана» моноспекталі (491)

ІІІ орынға  337 дауыспен «Әншінің пірі - Әміре» моноспектаклі шықты.

Үздік деп танылған театр ұжымдарын марапаттау ертең, 26 наурызда сағат 16.00-де Астана Жастар театрында өтеді.