«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасында «Ұлттық ұлан» әнімен Мейірбек Тәңірбергенов алда келеді

17:08, 25 сәуір 2016   1482

«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасының алтыншы айналымы жалғасуда. Бұл кезеңде тыңдармандар назарына 12 ән ұсынылған болатын. Тыңдалым саны бойынша бір апта қорытындысы  шығарылды.

Нәтиже төмендегідей:

«Домбырасыз сән қайда?»  - «Ханзада» тобы - 112 рет

«Сағынып жүрмін» - Бижігіт Исмағұлов -  82 рет

«Ұнайды» - «Диета.kz» тобы -  284 рет

«Ұлттық ұлан»  - Мейірбек Тәңірбергенов - 746 рет

«Отыздан асып барамын» - Айқын  Төлепберген – 80 рет

«Жаңа күн» - Қанағат Жалғасбева – 109 рет

«Туған күн» - Меңдеш пен Ақмарал – 232 рет

«Тағы тағы»  - Абай Бегей – 173 рет

«Көршім-ай»  - Мақсат Ынтықбаев – 92 рет

«Қарттар мұңы» - «Заман тобы» - 717 рет

«Шаттығым» - Данияр Мүптеке – 275 рет

«Жаса, қазағым»  - Дәурен Оқапов - 428 рет

Іріктеу төрт апта бойы жүргізіледі. Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ, үздік әуен радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Байқауда әуесқой әншілердің де бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.