«Шалқар» радиосы балалар арасында «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауын жариялайды

11:32, 14 сәуір 2016   1895

«Шалқар» ұлттық радиосы өзінің 50 және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар арасында «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауын жариялайды.

Жолданған әндер радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеліп, үміткерлер 1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне орай арнайы концертке шақырту алады.

Қатысушылар «Шалқар» радиосының атынан арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталады.

Жоба жетекшісі: Бағдагүл Рахметқызы.

Шарттары:

Байқауға 5-12 жас аралығындағы балалар қатыстырылады.

Үміткерлер shalkar@kaztrk.kz электронды поштасына немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 мекенжайына орындаған әндерінің аудионұсқасын және сапалы әрі кәсіби түсірілген фотосуреттерінің электронды нұсқасын жолдаулары тиіс.

Сонымен қатар, мекенжай мен байланыс телефонын көрсету міндетті.   

Толық ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 және 8 702 565 03 37 нөмірлері арқылы біле аласыздар.