«Шалқар әнім» республикалық балалар ән байқауының жеңімпаздарын марапаттау 1 маусымда өтеді

14:52, 30 мамыр 2016   1369

«Шалқар» ұлттық радиосы өзінің 50, Қазақ радиосының 95 және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар арасында «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауын жариялаған болатын. 

1 айдан астам уақыт ішінде Көркемдік кеңестің қарауына 5-12 жас аралығындағы балалардан 50-ге жуық жұмыс келіп түсті. Олардың арасынан қорытынды кезеңге 15 қатысушы таңдалып алынды.

Іріктеліп алынған үміткерлердің қатысуымен 1 маусым күні, сағат 13:00-де Астана паркінде концерт, сағат 14:00-де Оқушылар сарайында марапаттау рәсімі жане эстрада жұлдыздарының қатысуымен қайырымдылық концерті өтеді.

Кеште өнер көрсететін әншілер арасында Алтынай Жорабева, Айгүл Иманбаева, Гүлнұр Оразымбетова, «Бәйтерек» тобы, Маржан Арапбаева, Димаш Құдайберген, Айсәуле Бейсенхан бар.

Кешті «Шалқар» радиосының журналистері Мұхтар Тұртайұлы және Бағдагүл Рахметқызы жүргізеді. 

Байқауға қатысушылар тізімі