«Саз керуен» бүгін жетінші айналымын қорытындылайды

13:14, 10 маусым 2016   1175

Бүгін «Шалқар» радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жетінші айналымын қорытындылайды.

Бір ай бойы радио эфирінде жаңа 12 ән сарапқа салынған болатын.

Бұл айналым қорытындысы бойынша  shalkarfm.kz сайтынан ең көп тыңдалған ән - Манарбек Байтасовтың орындауындағы  «Арман жыр» әні. (1358 рет). Ал, Мәншүк Тұрсынғазинаның орындауындағы «Бүлдірген сай» -1059 рет, Асылбек Тойлыбаевтың «Жеңешем» әні 1301 мәрте тыңдалып, көпшілік ықыласына бөленген.

Айта кетейік, «Саз керуен» - «Шалқар» радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Бағдарлама эфирге әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады.  Жобаның ерекшелігі - әншілердің ең соңғы шыққан әндері қарастырылады және әуесқой әншілердің қатысуына болады.

Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.