Астанада «Шалқар» радиосының 50 және Қазақ радиосының 95 жылдығына арналған салтанатты шара өтті


17:15, 28 сәуір 2016   1411

«Қазақтың үні - Қазақ радиосы».  Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада осындай атаумен «Шалқар» радиосының 50 және Қазақ радиосының 95 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Оған қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар және өнер адамдары қатысты. Шара барысында радионың өнерпаз қыз-жігіттері өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, келушілер назарына «Қазақтың үні - Қазақ радиосы» тақырыбымен кітап көрмесі ұсынылды.